top of page

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау

     Конкурстардың барлық қызметкерлеріне қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Орталықтың Бас бухгалтері, Буын А-2, Саты 1

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысушыларға көрсетілген бос орындарға келесі ерекшеліктері болуы қажет: жауапкершілік, тіл табыса алушылық, ұқыптылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сонымен бірге кандидаттың өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімі болуы қажет. 

    

 

 

 

 

 

  Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген тұлғалардың келесі құжаттары болу тиіс:

Кәсіпорынның негізгі қызметі спорт саласындағы ғылыми-әдістемелік және оқыту саласы

1) қоса ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке бас куәлігі құжатының көшірмесі;

3) толтырылған кадрларды есепке алу жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктік талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) жемқорлық қылмыстарды жасау туралы мәліметтердің бары немесе жоқтығы туралы анықтама.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс қатысушысына құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 29-үй, 402-кеңсе мекен-жайы, nnpcfk@yandex.kz электрондық мекен-жай, 8 (7172)51-69-75 немесе 51-69-80 тел. бойынша 2019 жылғы 15 қарашаға (өтінім болмаған жағдайда ұзартылуы мүмкін) дейін жүзеге асырылады.

Безымянный.jpg
bottom of page